Сочидегі ойындар тағы да бір рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочидегі ойындар тағы да бір рекорд жаңартты

07.02.2014
Сочидегі ойындар тағы да бір рекорд жаңартты
«Сочи-2014» баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл ойындарға келген басшылардың саны Ванкувер мен Турин Олимпиадаларына келген мемлекет басшыларынан көп.
 
Мемлекет басшыларының арасында Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, ҚХР басшысы Си Цзиньпин, Швеция Королі Карл XVI Густав, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бар. Қоса кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде біздің спортшыларымызбен кездесіп үлгерген.
 
Ашылу салтанатында шеруде Қазақстан Ұлттық құрамасы Италия спортшыларынан кейін шығады. Қазақтың Туын шаңғышы Ердос Ахмадиев алып шығады.

Хабарламаларға жазылу