Қашағанның даму жобаларын жүзеге асыру барысы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашағанның даму жобаларын жүзеге асыру барысы талқыланды

19.07.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов сала мамандарымен Қашаған мұнай-газ кен орнын игерудің өзекті мәселелерін талқылады. Жиында Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялардың басшылары болды. Кеңеске қатысушылар Қазақстанның экологиялық заңнамасының нормаларын сақтау, ағымдағы өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қашаған кен орнының болашақ кеңейту жобаларын іске асыру және өндіріс деңгейін ұлғайту жөніндегі мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, атап айтқанда, газ өңдеу зауыттарын салу мәселелері әңгіме өзегі болды.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу