Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ЕҚДБ президентімен кездесті

22.09.2021

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Басқосуда аталған банктің Қазақстанда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайы талқыланды. Әрі Одиль Рено-Бассо әлемдік экономиканың даму барысы мен Қазақстандағы экономикалық өсім туралы өз болжамымен бөлісті. Сонымен қатар кездесуде коронавирус пандемиясы, қаржы және тауар нарығындағы тұрақсыздық сияқты проблемаларды қамтитын әлемдік экономиканың дамуына қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Еуропалық қайта құру және даму банкі – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Ынтымақтастық орнатқан уақыттан бері сіздің банк біздің экономикамызға 8 миллиард еуродан астам инвестиция салып, 300-ге жуық жоба жүзеге асырылды. Жалпы банктің әртүрлі салаларды, әсіресе жаңартылатын қуат көздері секторын белсенді қаржыландырғанын білеміз. Жаңартылатын қуат көздері саласындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз деп сенеміз, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені бағытындағы жобаларды да жүзеге асыру аса маңызды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу