Елде коммерциялық нысандарды жалдау ақысы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде коммерциялық нысандарды жалдау ақысы қымбаттады

17.07.2023

Елімізде коммерциялық нысандарды жалдау ақысы қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әсіресе, шаштараз пен сұлулық салондарын жалдау құны бірден 20 процентке көтерілген. Фотосалон 14, көлік жөндеу орталықтары 10, дәріхана 9, жаттығу залдары мен дүкендерді жалдау 5-6 процентке қымбаттады. Сарапшылар бағаның көтерілуін инфляциямен байланыстырып отыр. Олардың айтуынша бұл қызмет ақысының қымбаттауына да әсер етіп жатыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу