Елімізде тұрғын үй жалдау ақысы бір айда шаршы метріне 4 мың теңгеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұрғын үй жалдау ақысы бір айда шаршы метріне 4 мың теңгеге қымбаттады

08.09.2022

Елде тұрғын үй жалдау ақысы бір айда шаршы метріне 4 мың теңгеге қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, шілдеде бұл 3500 теңге болған. Демек, қазір аумағы 40 шаршы метр үйді жалдау үшін 161 мың теңгеден аса ақша қажет. Тұрғындар елордада мұндай баспанаға айына 155 мың, Алматыда 200 мың теңгеге жуық қаражат жұмсайды. Сатып алу да арзан емес. Нарықта жаңа үйлер шаршы метрінің орташа бағасы 425 мың теңгеден жоғары. Пәтерді қайта сату шамамен 429 мың теңге. Тұрғын үй нарығындағы бұл жағдайға құрылыс материалдары құнының өсуі ғана әсер етіп отырған жоқ. Energyprom-ның мәліметіне қарағанда, елге Ресей мен Украинадан келген азаматтардың көбеюі де сұраныстың күрт артуына ықпал еткен. Қазір Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу үшін 618 мыңға жуық азамат кезекте тұр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу