Баспана бағасы тағы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспана бағасы тағы қымбаттады

08.04.2021

Баспана бағасы тағы қымбаттады. Оның қаншаға өскенін бүгін Ұлттық статистика бюросы жариялады. Мәліметтерге қарасақ, бұрын қолданыста болған үйлердің құны бір айда 2, ал жаңасынікі 0,5 пайызға көтерілген. Жалдау ақысы да 0,6 процентке қымбаттап отыр. Сарапшылар баспана қымбатшылығын әдеттегідей зейнетақы қорындағы ақшаның берілуімен байланыстырып отыр. Айтуларынша осы бағдарлама басталғалы баға 6-27 пайызға дейін өскен. Десе де өткен қаңтар-ақпан айларына қарағанда баға өсімінің баяулауы байқалады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу