Түркияда өрттен 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда өрттен 8 адам қаза тапты

02.08.2021

Түркияның оңтүстігінде орман өртімен күрес бесінші күнге ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, тілсіз жау құрбандарының саны сегізге жеткен. Тағы 400-дей адам зардап шекті.

Жасыл желектерді террористік «Күрдістан жұмысшы партиясының «Өрт балалары» деген қарулы тобы жаққанын мәлімдеп отыр. Бұл ақпаратқа байланысты тергеу жүріп жатыр. Дегенмен, зерттеушілердің ойынша, Түркияның 32 провинциясындағы ормандарды жалын шарпуына климаттың өзгеруі себеп болуы мүмкін.

Қазір Бодрум сияқты курорттық қалалар мен оның айналасындағы ауылдардан тұрғындар мен туристер көшіріліп жатыр.

Түрік үкіметінің мәлімдеуінше, 100-ден астам от ошағының басым бөлігі сөндірілген. Бұл операцияға көмекке Иран, Әзербайжан, Ресей, Украина мамандарын жөнелтті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу