Испаниядағы орман өрті: Бенаавис қаласының тұрғындары эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испаниядағы орман өрті: Бенаавис қаласының тұрғындары эвакуацияланды

09.06.2022

Испанияның таулы аймағында алапат орман өрті қаулап жатыр. Осыған орай жақын маңдағы Бенаавис қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Әбігерге түскен жұрт үйлеріне қашан оралатынын білмей, алаңдаулы.

Орман өртімен 140 маман күресіп жатыр. Оларға көмекке әскерилер, ұшақтар тартылған. Жалынның тез тарауына сағатына 140 шақырым жылдамдықпен соққан жел әсер етті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу