Солтүстік Қазақстанда газ тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда газ тапшы

11.10.2023

Облыста 120-ға жуық газ құю бекеті бар. Олардың басым бөлігінде сұйылтылған отын талонмен ғана беріліп жатыр. Өңірдегі сұранысты толық қанағаттандыру үшін үшін айына орта есеппен 5 мың тоннадан астам газ қажет.


Руслан Исмагилов, газ құю бекетінің операторы:
Газды қалааралық автобустар мен баллондарға ғана құюға рұқсат. Қазір оның өзі таусылып қалды. Басшылық сұйық отынның келесі партиясы жұма күні ғана келетінін айтты.
Газ тапшылығы қыркүйек айының ортасынан бері жалғасып келеді. Бағасы өзгерген жоқ. Сұйылтылған отынның 1 литрі 81 теңгеден саудалануда. Облыстық әкімдік өкілдері бірер күнде өңірге газдың кезекті партиясы жеткізілілетінін айтты. Теріскейге көгілдір отын Павлодар және Ақтөбе облыстарынан тасымалданады.

Владислав Лукин, Облыстық энергетика басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
Энергетика министрлігі қазан айында біздің өңірге 5400 текше метр сұйылтылған газ бөлді. Осы уақытқа дейін оның үштен бір бөлігі жеткізілді. Сұйық отын элеваторларға кетіп жатыр. Олар дәнді және майлы дақылдарды газбен кептіреді. Сұраныстың артуына байланысты қосымша 2 мың текше метр газ қажет. Бірақ, министрлік әзірге оның 25 пайызын ғана бөлді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу