Сарапшылар: Италияда соңғы 30 жылда табиғи өсім жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Италияда соңғы 30 жылда табиғи өсім жоқ

13.07.2023

Италияда демографиялық дағдарыс. Соңғы 30 жылда табиғи өсім жоқ. «Осылай жалғаса берсе 2070 жылға қарай қазіргі 59 млн халықтың саны бірден 12 миллионға қысқарады», - дейді сарапшылар. Елдің статистика жөніндегі ұлттық агенттігінің мамандары да туу көрсеткішінің төмендеп, қарттардың көбейгеніне дабыл қағып отыр. Себебі қазірдің өзінде Италияда қарияларды зейнетақымен қамтамасыз ету оңай болмай тұр.

Джорджа Мелони, Италияның премьер-министрі:

1993 жылдан бері бала туу азайып, өлім-жітімнің көбеюі, халықтың қартаюы - қасірет. Біз туу көрсеткішін көбейту үшін демографиялық саясатты өзгертіп, қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу