Ақтөбе облысында құрғақ шөп жанып, саяжай аумағындағы үйлер өртке оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында құрғақ шөп жанып, саяжай аумағындағы үйлер өртке оранды

12.07.2023

Ақтөбе облысы Алға қаласының аумағында өрт болды. Салдарынан саяжайдағы он үй жанып кетті.

Оқиға кеше түстен кейін болған. Алдымен осы маңдағы құрғақ шөп жанған. Өрт сөндірушілер жетем дегенше, жалын саяжайдағы үйлерге жетіп үлгерген. Дегенмен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 59 үйдің 49-ын аман сақтап қалды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу