БҚО-да далада құрғақ шөп жанып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да далада құрғақ шөп жанып жатыр

03.08.2023

Батыс Қазақстан облысында далада құрғақ шөп жанып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, өрт кеше Сырым ауданында тұтанған. Қызыл жалын екі учаскеде тіркеліп, жалпы 80 гектар жерді шарпыған. Тілсіз жауды сөндіруге 30 маман жіберілді. Оның 16-ы ерікті өрт сөндіру құрылымынан болса, қалғаны төтенше жағдай мамандары. Сондай-ақ 5 техника жеткізілген.  


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу