Ғалым Сайлау Байзақов қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым Сайлау Байзақов қайтыс болды

11.07.2023

Бүгін көрнекті ғалым, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Байзақов өмірден өтті. Ол 1937 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында туған. 85 жасында көз жұмған академик экономикалық-математикалық модельдеудің ғылыми бағытын жасады. 150-ден аса мақала жариялап, нарықтық экономика, макроэкономикалық болжау, сауда саясатын талдау тақырыбында 50-ден астам материал дайындап, 30 шақты экономика ғылымдарының докторы мен 100-ге тарта кандидат тәрбиелеген. 

Хабарламаларға жазылу