Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды

13.12.2019

Академик Сұлтан Сартаев қайтыс болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның отбасына көңіл айту жедел хатын жолдады. Сұлтан Сартаев кеңес одағының және қазақстандық ғалым, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, Қазақстан заңгерлер қауымдастығының вице-президенті болған. Еліміздегі Конституцияның негізін қалаушылардың бірі. Сұлтан Сартаев 1927 жылы 15 қазанда дүниеге келген.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу