Қарағанды облысында демалыс күндері 441 адам жарақат алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында демалыс күндері 441 адам жарақат алған

11.07.2023

Қарағанды облысында демалыс күндері 441 адам түрлі дене жарақатын алған. Соның 36-ы ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Тіпті жансақтау бөліміне жеткізілгенше қайтыс болғандар бар. Мереке күндері жол апаты да жиілеп, 19 адам зардап шеккен. 5 жасар бала қайтыс болған. Көлік ішінде арнайы кресло мен қауіпсіздік белдігінің болмауы баланың өліміне әкеп соққан, дейді дәрігерлер. Бұған қоса көшеде жүріп жарақат алғандардың да дені балалар. Басым дені велосипед пен самокаттардан құлаған. Сондай-ақ, 4-і қабаттан құлаған 2019 жылғы балақай түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай дәрігерлер өміріне араша түсе алмады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу