Алматы тауларында жоғалған шетелдіктер табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тауларында жоғалған шетелдіктер табылды

23.05.2022

Алматы тауларында жоғалған 3 Ресей азаматы табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, демалыс күндері туристер жергілікті гидпен Бутаковка шатқалы арқылы Букреев шыңына қарай бет алған. Түсте олар жақындарына СМС жолдаған. Одан кейін байланысқа шақпаған. Ал, ертесі күні құтқарушылар жоғалғандардың бірімен хабарласқан. Зардап шегушілер өздеріне медициналық көмек қажет еместігін, түнді тау шыңында өткізіп, күн шығысымен төтеншіліктерді күтпей, төмен қарай түскен. Құтқарушылар сағат түскі он екі жарымда 3 ер адам мен бір әйелді тапқан. Еске саламыз, бұған дейін де туристер тобы қар астында қалып, біреуі ауыр жарақат алып, екіншісі көз жұмған еді. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын құбылмалы ауа райы кезінде тауға шықпауларын сұрайды.

Түркістан облысында да тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды. Демалушылар кеше күндіз Сусіңген көлінен, «Алтын-Дән» демалыс аймағына қарай жолға шыққан. Қайта оралмаған соң, жақындары Төтенше жағдайлар қызметіне хабарласады. Саяхатшыларды іздеуге 17 құтқарушы, кинолог, полиция және Ұлттық парк қызметкерлері жұмылдырылған. Іздеу тобы жоғалғандарды түн ортасында, Құлыншақты тау шатқалынан тапты. Барлығы аман-есен. Айтуынша, олар тұманда адасып қалған.  

Нұрсұлтан Тілектес

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу