Қазақстанның орталық өңірлерде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның орталық өңірлерде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі

10.07.2023

Бізде де бірнеше күннен бері күн қатты ысып тұр. Бүгін орталық өңірлерде ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі деп болжайды Қазгидромет. Осыған орай Үкімет басшысы Төтенше жағдай министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп штаттан тыс жағдайларға дайын болуды тапсырды. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов республиканың бірқатар өңірінде ауа температурасының көтерілуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы Үкіметте баяндама жасады. Министрдің айтуынша, азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Үкімет басшысы табиғи өртке және адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық дайындықты қамтамасыз ету үшін қажетті күштер мен техникалық құралдарды жұмылдыруды тапсырды.


Торғын Мелісқызы

Хабарламаларға жазылу