Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» немесе «Челси» құрамында ойнауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» немесе «Челси» құрамында ойнауға дайын

15.09.2014
Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» немесе «Челси» құрамында ойнауға дайын

Футболдан Португалия құрамасы мен испаниялық «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду аптасына 500 мың фунт жалақы төлесе, ағылшындық «Манчестер Юнайтед» немесе «Челси» құрамында ойнауға дайын, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Қазіргі таңда Роналду аптасына 350 мың фунт жалақы алады. Бұдан бұрын Испания басылымдары Роналду биылғы маусым аяқталғаннан кейін командадан кеткісі келетінін жарыса жазған еді. 29 жастағы ойыншының «Реалдың» трансферлік саясатына көңілі толмай жүргенге ұқсайды. Атап айтқанда, оған жартылай қорғаушы Анхель ди Марияның «Манчестер Юнайтедке» сатылғаны ұнамай қалған. 

Хабарламаларға жазылу