Атырауда екі қайық соқтығысып, 10 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда екі қайық соқтығысып, 10 адам зардап шекті

04.07.2023

Атыраудың Жайық өзенінде екі қайық соқтығысып қалды. 10 адам зардап шекті. Оның төртеуі - кәмелет жасына толмаған бала.

Жарақат алғандардың бәрі ауруханаға жеткізілді. Жансақтау бөліміне түскен 6 жастағы бүлдіршіннің халі ауыр дейді дәрігерлер. Қайықтар өзенге адамдарды серуендетуге алып шыққан. Біреуінде 10 жолаушы, екінші қайықта 25 адам болған. Қайық жүргізушілерін полиция қызметкерлері алып кетті.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу