Алматыда екі автобус соқтығысып, 9 адам зардап шекті

19.06.2020

Алматыда екі автобус соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Оның екеуі бала. Жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілген. Оқиға таңғы сағат 10-дар шамасында шахар көшелерінің бірінде болды. Алдын ала болжам бойынша, №32 бағыттағы қоғамдық көліктің тежеуіші істен шыққан. Соның кесірінен алдында тұрған автобусқа барып соғылды. Жолаушылармен қатар көліктің жүргізушісі де жарақат алды.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу