Алматыда екі автобус соқтығысып, 9 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда екі автобус соқтығысып, 9 адам зардап шекті

19.06.2020

Оның екеуі бала. Жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілген. Оқиға таңғы сағат 10:00 шамасындашаһар көшелерінің бірінде болды. Алдын ала болжам бойынша, №32 бағыттағы қоғамдық көліктің тежеуіші істен шыққан. Соның кесірінен алдында тұрған автобусқа барып соғылды. Жолаушылармен қатар көліктің жүргізушісі де жарақат алды.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу