Қазақстаннан Қытайға жөнелтілетін тауар көлемі артуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан Қытайға жөнелтілетін тауар көлемі артуы мүмкін

03.07.2023

Қазақстаннан Қытайға жөнелтілетін тауар көлемі едәуір артуы мүмкін. Себебі, көрші ел қазір отандық ауыл шаруашылық өнімдері мен энергетика салысына қызығушылық танытып отыр. Мұны Алматыдағы Қытай Халық Республикасының бас консулы Цзян Вэй айтты. Оның сөзінше, қос ел арасындағы сауда байланыс биылдың өзінде 6,8 миллиард доллардан асқан. Мәселен, бір ғана «Қорғас» кеден бекеті арқылы 15 миллион тонна тауар өтіпті. Яғни, алыс-беріс 48 пайызға артып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Бас консул, апталап созылатын кедендегі кептелістің де басылғанын айтты.

Цзян Вэй, Алматы қаласындағы ҚХР-дың бас консулы:

«Бақты» бекетіндегі жағдайды өзім барып көрдім, кеденде кептеліс жоқ, бірақ шағын кезек бар. Қазір Қытайға қарай шекарадан бір ауыр жүк көлігі кем дегенде үш сағаттың ішінде өтіп жатыр. Алдағы уақытта да қазақстандық кәсіпкерлер үшін қолайсыздық тумайды деп ойлаймын.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу