Солтүстік Қазақстан облысында электр қуатын таратушы компания тұтынушыларға 96 млн теңге берешек.
Монополист өткен жылыту маусымында заңды тұлғаларға арналған тарифті негізсіз көтерген. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің арызы бойынша жылу құны қайта есептелді. Нәтижесінде сот «Севэнергосбыт» компаниясына 1250 коммерциялық нысанның иелеріне 96,2 млн теңге қаржыны қайтаруды міндеттеді. Шешім заңды күшіне енген жоқ, монополист кәсіпорын апелляциялық тәртіппен шағымдануға құқылы.