Басты Жаңалықтар Қытайдың Хунань провинциясында алапат су тасқыны жүрді

Қытайдың Хунань провинциясында алапат су тасқыны жүрді

Қытайдың Хунань провинциясында алапат су тасқыны жүрді. Көшелер өзенге айналып, бүкіл жер ми батпақ болды. Аймаққа 12 сағатта айлық мөлшердегі жаңбыр жауған. Табиғи апат дәнді-дақылдарға зақым келтіріп отыр. Үйлер, дүкендер мен басқа да ғимараттарды су шайған. Ауа-райын бақылаушы мамандардың сөзінше, нөсер жаңбыр дүйсенбіге дейін жалғасады. Қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек қолын созу үшін құтқарушылар жіберілді. Дамылсыз жауынның кесірінен бұзылған жолдар жөнделіп жатыр.

Бөлісу