Басты Жаңалықтар Батыс Қазақстан облысында бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды

Батыс Қазақстан облысында бюджет қаржысын жымқырғандар сотталды

Батыс Қазақстан облысында «Теректі таза су» коммуналдық кәсіпорнының басшылары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Кәсіпорынның бұрынғы директоры 7,5 жылға, бас есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар өздеріне және қызметкерлерге жалақыны артық аудару, мекемелерге орындалмаған жұмыс үшін бюджет қаражатын негізсіз пайдалану арқылы 162 миллион теңге жымқырды деп айыпталған еді.


Бөлісу