Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандарға қатысты тергеп-тексеру басталды
Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырудың бірнеше дерегі бойынша тергеп-тексеру басталды. Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау, Ақтөбе мен Ақтаудағы нысандарда тінту жүргізіп, ойын бағдарламалары бар ноутбуктер, бірнеше шетелдік пен Қазақстан азаматтарына берілген банктік қосымшалары бар телефондар тапқан. Онлайн-казиноның айналымы 3 миллиард теңгедей болады. Бәс тігулер мен ұтыстарды төлеу шетелдіктердің картшоттары арқылы жүзеге асырылған. Ойынға қатысу үшін азаматтар сайтта көрсетілген Telegram арнада жарна төлеуі керек болған.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жалпы сомасы 167 миллион теңгеге тыйым салынған. Ұйымдастырушылар мен қатысы бар тұлғаларға ұтиесілі екінші деңгейлі банктегі барлық шоттары тыйым салынды. «Онлайн» құмар ойындары тәулік бойы жүргізіліп, күнделікті айналымы шамамен 800 000 теңгені құраған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты сот 2 ай мерзімге «қамау» бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 3670 интернет казино бұғатталды. Туризм индустриясы комитетінің ақпаратына сай, сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясы тоқтатылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мажарстанда қуырдақ әзірлеу фестивалі өтті
19.09.2025, 14:27

Жамбыл облысында 198 заңсыз қоқыс орны анықталған
19.09.2025, 14:24
Оралда «Анаға тағзым» атты еңселі ескерткіш ашылды
19.09.2025, 14:21
Қарағанды облысында тағы бір жаңа мектеп ашылды
19.09.2025, 14:18
Альпі тауы астымен екі елді жалғайтын туннель салынып жатыр
19.09.2025, 14:15
Йемен хуситтері Израильге зымыранмен шабуылдады
19.09.2025, 14:12
Вице-министр: Барлық өңір жылыту маусымына дайын
19.09.2025, 14:09
Интернет-алаяқтар оқушыларды арбауға кірісті
19.09.2025, 14:06