Мажарстанда қуырдақ әзірлеу фестивалі өтті
Мажарстанның ежелгі қыпшақтар қоныстанған Кунсентмиклош қаласында қой етінен қуырдақ жасау фестивалі өтті. Осымен 30-рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеге жүзден астам байқаушы мен 15 мыңнан астам тұрғын қатысқан. Еліміздің Мажарстандағы елшілігі фестивальде қазақтың қуырдағын дайындап, жүлделі орынды иемденді. Мажарлардың айтуынша, қазақ пен мажар қыпшақтарының қуырдақ жасау тәсілі өте ұқсас. Шараға жиналғандарға Елшілік ұжымы отандық әуе компаниясы жақында ашқан Шымкент-Будапешт-Шымкент бағытындағы әуе рейсін таныстырып, Қазақстанның туристік әлеуетін паш етті.
Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Мақсатымыз – қазақ-мажар бауырластығын нығайту, ұлттық тағамдарымыздың ұқсас екенін көрсету. Бұл жерде аталардан қалған ескі баталар бар қыпшақ тілінде, қазақ тіліне ұқсас. Алдағы уақытта осы Кіші қыпшақ астанасы мен Қазақстанның байланысы арта түседі деген ниеттеміз.
Биризло Чаба, Карцаг қаласының тұрғыны:
Бүгінде қазақтар мен мажарларды атқа міну, даланы сүю және көшпенді өмір салты сынды ортақ дәстүрлер біріктіреді. Мал шаруашылығы – бұл өңірдің ғасырлар бойғы дәстүрі, оны болашақта да сақтау, нығайту маңызды. Сондықтан бөлінбей, бірлікте өмір сүру – ортақ құндылығымыз.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 198 заңсыз қоқыс орны анықталған
19.09.2025, 14:24

Оралда «Анаға тағзым» атты еңселі ескерткіш ашылды
19.09.2025, 14:21
Қарағанды облысында тағы бір жаңа мектеп ашылды
19.09.2025, 14:18
Альпі тауы астымен екі елді жалғайтын туннель салынып жатыр
19.09.2025, 14:15
Йемен хуситтері Израильге зымыранмен шабуылдады
19.09.2025, 14:12
Вице-министр: Барлық өңір жылыту маусымына дайын
19.09.2025, 14:09
Интернет-алаяқтар оқушыларды арбауға кірісті
19.09.2025, 14:06
Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
19.09.2025, 14:03