Жамбыл облысында 198 заңсыз қоқыс орны анықталған
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында заңсыз қоқыс полигондары біртіндеп жойылып жатыр. Мәселен, Жамбыл облысында осындай 198 орын анықталды. Облыстық Экология департаментінің мамандары бүгін Жамбыл ауданына барып, Жамбыл және Шәкен Ниязбеков ауылдарын тексерді. Онда 39 заңсыз қоқыс полигоны анықталды. Бұған дейін Аса мен Қаракемер ауылдық округтерінде де үйінділер тазаланбаған. Осындай олқылықтар үшін аймақтағы 21 ауылдық округ әкімдігіне айыппұл салған.
Ермек Құралбаев, Экология департаментінің бақылау бөлімінің басшысы:
Анықталған кездейсоқ қоқыс үйінділерін уақытылы жинамағаны үшін департаментпен жалпы әкімдік, ауылдық округ аппараттарына жалпы 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Қазіргі таңда қоқыс үйінділерінде тазарту жұмыстары жалғасуда.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мажарстанда қуырдақ әзірлеу фестивалі өтті
19.09.2025, 14:27

Оралда «Анаға тағзым» атты еңселі ескерткіш ашылды
19.09.2025, 14:21
Қарағанды облысында тағы бір жаңа мектеп ашылды
19.09.2025, 14:18
Альпі тауы астымен екі елді жалғайтын туннель салынып жатыр
19.09.2025, 14:15
Йемен хуситтері Израильге зымыранмен шабуылдады
19.09.2025, 14:12
Вице-министр: Барлық өңір жылыту маусымына дайын
19.09.2025, 14:09
Интернет-алаяқтар оқушыларды арбауға кірісті
19.09.2025, 14:06
Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
19.09.2025, 14:03