Ақтауда «МАЭК» кәсіпорнынан 400-ден аса заңбұзушылық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «МАЭК» кәсіпорнынан 400-ден аса заңбұзушылық анықталды

29.06.2023

Прокурорлар компанияның соңғы алты жылдағы жұмысын тексерген. Соның нәтижесінде басшылардың салғырттығы, бақылаудың төмен, қаржыландырудың жеткіліксіз болуы және жұмыстың дұрыс жоспарланбауынан заңсыздыққа жол берілгені белгілі болды. Енді осы қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәлілер жауапқа тартылмақ.

«МАЭК» – облыс орталығын жылу, су және электр энергиясымен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын. Мұнда қондырғылардың 80 пайызының тозығы жеткен. Соның салдарынан соңғы кезде апаттық жағдай жиілеп, тұрғындар жарықсыз, сусыз қалып жүр.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу