Заңға сай келмейтін нормалар жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңға сай келмейтін нормалар жойылады

29.06.2023

Қолданыстағы заңнамаларда қайшылық көп. Бұл туралы Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Парламент палаталарының бірлескен отырысында берген есебінде мәлімдеді. Оның айтуынша, 18 нормативтік қаулының бесеуінде нормалар конституциялық емес деп танылған. Сондықтан негізгі заңға сай келмейтін нормалар жойылады. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Конституциялық Сот төрағасының бұл пікірімен Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ та келіседі.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Үнемі көтеріліп жүрген мәселе. Ана жолы өзімнің депутаттық сауалымда да айтқан болатынмын. Қазақша, орыс тіліндегі заңнамаларды қарастырған кезде бір үлкен ревизия жасау керек. Сондықтан қолданыстағы барлық нормативтік-құқықтық актілерге белгілі бір критерийлер анықтап, ревизия жасау қажет болып тұр.



Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу