АҚШ-тың Сиэтл қаласына бара жатқан пойыз су таситын танкермен соқтығысып, рельстен тайып кетті. Вагондарда 200-ге тарта жолаушы болған.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел жіберілді. Соңғы мәліметке қарағанда, жеңіл жарақат алған 8 адам ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің зардап шеккендердің жағдайы ауыр емес деп отыр. Қазір тергеушілер апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.
Арыстан Рысбек