Елімізде 15 мыңнан аса шетелдік еңбек етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 15 мыңнан аса шетелдік еңбек етеді

27.06.2023

Елімізде 15 мыңнан аса шетелдік еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Мигранттардың көбі, яғни 35 пайызы құрылыс саласында жұмыс істейді. Одан кейін 1500-ге жуық адам ауыл шаруашылығында, тағы сонша шетелдік тау-кен саласында жүр. Өңдеу өнеркәсібінде 960, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметте 976 адам істейді. Шетелдік жұмысшылардың көбі Қытайдан келген. Бүгінде көрші елдің 3600-ден астам тұрғыны Қазақстанда табыс тауып жүр. Сондай-ақ, еңбек нарығында өзбекстандық 1843, Үндістаннан 1741, Түркиядан 1 жарым мың адам бар. Министрлік жыл сайын шетел мамандарын тартуға квота бөліп отыр. Былтыр елдегі жұмыс күшінің санына қарай 22 мыңнан астам адамға ел аумағында жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу