Ерікті: Волонтерді бір сөзбен сипаттағанда адамгершілік деп айтуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерікті: Волонтерді бір сөзбен сипаттағанда адамгершілік деп айтуға болады

25.06.2023

Алдымен Астанада өткен халықаралық волонтерлер форумына тоқталайық. Соңғы жылдары бұл қозғалыстың адамзат үшін қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізіп отырмыз. Әсіресе пандемия уақытында байқалды. Оған Украинадағы соғыс, жиілеген табиғи апаттар қосылып жатыр. Қазір әлем бойынша волонтерлық қызметке 150 млн адам атсалысып жүр. Қазақстанда да олардың белсенділігі артқанын форумға келген қонақтар атап өтті. Шараға 34 елден 40-тан аса спикер катысты. Президент те форумда сөз сөйлеп, волонтерлық қозғалысқа қолдау күшейітінін мәлімдеді. 

Ислам Фархатов, волонтер:

Волонтер деген сөзді бір сөзбен сипаттауға болады. Ол - адамгершілік.

Шамиль Ванкеев, волонтер:

Бір сөз бар ғой қазақта ең жақсы адам дид ол қоғамға пайдалы болған адам дейді.

Дияс Бекмұрат, волонтер:

Адамдарға көмектесу деген өте керемет нәрсе. Одан біз күшті эмоция аламыз.

Абылайхан - білікті дәрігер. Қолы қалт етсе ауыр науқастар жатқан онко орталықтар мен хоспистерге жүгіреді. Ажалмен арпалысып жүргендерге ақысыз қызмет көрсетеді.

Абылайхан Әбдіраш, «Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ төрағасы:

Бұл волонтерлық жүрек қалауы. Бос уақытымзды, жұмыстан тыс уақыттарымызды ел игілігі үшін атқаруға шешімді біз қабылдап қойғанбыз. Және сол жолдан таймай 10 жыл жұмыс істеп келеміз.

Ал Мәдинаның мүмкіндігі шектеулі болғанымен, ерік-жігері шектеусіз. Оған біреу емес, керісінше ол көпке көмектесіп жүр. Ағылшын тілін тегін үйретеді. БҰҰ-ның еріктілер құрамасының алғашқы волонтеры.

Мәдина Қарсақбаева, БҰҰ еріктілер құрамасының волонтеры:

Әртүрлі жастарға адамдар, әр түрлі диагнозбен. Бірақ олар ағылшын тілін оқимыз деген лебіздерін білдірді. Өзім волонтер болғаныма бірнеше жыл болды. Волонтерлық маған ерекше сезім береді. Адамдарға пайда бере алатынымды сонымен қатар басқа адамдармен тіл табысып, кездесіп, мүмкіндіктерін көбірек ашады. Диагнозға ештеңеге қарамастан, жүректен-жүрекке мейірімділігін беруге шақырады. Сол үшін ерекше.

Яғни, ерікті боп өзгеге көмек көрсету үшін оқыс оқиғаның болуы шарт емес. Әркім қолынан келетін істі өзінің ғана емес өзгенің игілігі үшін пайдалана алады. Мәселен бұл тоқыма бұйымдары шала туған сәбилерге аса қажет. Шеберлер оны жақсы түсінеді. Сондықтан, тегін таратады.

Гүлниса Күлімжанова, волонтер:

Мынадай тоқылған шұлық керек екен балаға. Баланы қышытқан сайын қан айналымы дұрысталады. Бала демалады екен. Менің қол өнерім, менің тоқымам бір бала болсын жақсылық әкеліп, оның әрі қарай өмір сүруіне көмектесіп жатқанына қуаныштымын.

Еріктілер еріккендер емес. Сондықтан оларға тиісті деңгейде жағдай жасалуы керек. Халықаралық форумға қатысақан Президент осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстанда еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатыр. Бұған мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалып жатыр. Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Осы саладағы барлық бастамаларды қолдаймын.

Елде еріктілердің саны артып келеді. Әсіресе соңғы жылдары қарқыны жоғары.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Соңғы 3 жылда мысалға 3 есе көтерілді. Және волонтерлардың саны қазір 200 мыңнан асты. Елімізде тіркелген волонтерлдік ұйымдар да өте көп. Соңғы Абайдағы, Қостанайдағы Мақтаралдағы немесе Арыстаға, немесе шетелдегі Түркия, сирия немесе басқа елдердегі апатты жағдайларда көмек қолын созуда еліміздің волонтерлары өте белсенді.

Яғни, олар - көрінбейтін майдан жауынгерлері. Бірақ, әлі де кей тұста қолдау жеткіліксіз.

Вера Ким, Ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы:

Құтқарушыларға керек заттарды қоятын жер таппаймыз. Мысалы, қайық, рация, темірлер мен арнайы киімдерді сақтайтын жер жоқ. Ол үшін арнайы орындар, қойма керек. Әрі бұл төтенше жағдай кезде ғана емес, күнделікті жұмыста қажет. Сонда ғана шұғыл әрекетке дайын отырамыз. Жалпы, волонтерлардың қауіпсіздігі үшін мемлекет тарапынан сақтандыру қарастырылса дейміз.

Қазақ қашаннан волонтер. Айналасына асарлатып көмектесу дәстүрімізге де сіңген.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Волонтерлік қозғалысты ұзақмерзімді грант беру арқылы ынталандыру керек. Бұл ретте мемлекеттік және жекеменшік грант берушілер арасында тұрақты серіктестік орнатып, отандық және халықаралық донорлардың бір-бірімен нәтижелі ынтымақтастығын қалыптастыру маңызды. Волонтерлердің ұлттық және аймақтық деңгейдегі фронт-офисінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін күшейту қажет. Қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ілгерілетуге ерекше назар аудару қажет.

Астанада халықаралық волонтерлер орталығы құрылды. Кез келген жағдайда Өңірдегі 6 мемлекет еріктілерілерінің жұмысын үйлестіреді. Волонтерлардың қызметіне қатысты мәселелер де орталықтың көмегімен шешілеуі тиіс. Мәселен олардың өмірін сақтандыру мәселесін қолға алуды ұсынып отыр. Өйткені, қауіпті жерлерге алғашқылардың бірі болып жететін солар. Сондықтан кепілдік шартын міндеттеу керек дейді жиналғандар.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу