Ертегі – фольклордың қара сөзбен айтылатын, ерекше түрінің бірі. Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алар орны ерекше.
Ондағы түрлі кейіпкерлер арқылы бала жақсы-жаманның не екенін аңғаруды үйренеді. Ертегі арқылы айнала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезініп, халықтың әдемілік және әдептілік туралы ұғымдарын бойына сіңіреді.
Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік қалыптасып, адамгершілік тәрбиесінің бастауына ден қояды.
Қазақы танымға бағытталған «Қазақ халық ертегілері» мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан 14.25-те тамашалай аласыздар.