«Дала даналары» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала даналары»

26.05.2015
«Дала даналары»

Ұлы даланың қай қиырында да, қай дәуірде де би-шешендер шешуші тұлға қызметін атқарған.  Олар мемлекеттік маңызы бар мәселелерге еркін араласты. Кешегі Қазыбек бидің бала күнінде-ақ қалмақ қонтайшысының алдында қасқайып тұрып: «Біз – қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге тиіспей, жай жатқан елміз», деуі тегін емес.

Би-шешендер қандай даулы мәселені де түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Билердің кесім, бітімі көпшіліктің көзінше, жария болған. Ешқандай құпия, алдын ала ымыраласу, пәтуаласу дегенге жол берілмеген. Билер билік шешімін айтқан соң: «Ал, халайық, бұған не дейсіңдер?», деп көпшілікке салып мақұлдасқан. Яғни, көптің ойымен санасқан.

Сол себепті, би-шешендерді Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы жолындағы биліктің бір тармағы, халық тағдырын шешуші деп қарастыруға әбден болады.

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарар әділ байлам айтатын би-шешендер  турасында әңгіме өрбітпек.

Хабарламаларға жазылу