Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

23.06.2023

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады. Ол мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Педагогтарды аттестаттау рәсімі жетілдіріліп жатыр. Осылай деген министр президентке Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасын таныстырды. Мемлекет басшысы білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне ұдайы көңіл бөлуді тапсырды.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Педагогтердің айлық жалақысының 30 пайызға көтерілгендігі, Бастауыш сынып оқушыларының қыркүйектен бастап ыстық тегін тамақпен қамтылатындығы және коллдедждегі студенттердің шәкіртақысының 50 пайызға көтерілгендігі туралы баяндалды. Мемлекет басшысы білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысына ден қоюды тапсырды.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу