Шымкентте 26 мектепті жөндеу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 26 мектепті жөндеу қажет

23.02.2024

Шымкенттегі 21 мектепте оқушы саны шектен тыс көп. Себебі, аймақтағы демографиялық өсім мен мегаполиске көшіп келушілерлің саны артқан. Бүгін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевпен кездескен қала жұртшылығы білім саласындағы өзге де проблемаларды сөз етті. Шаһардағы 3 мектепте спорт залы және 1 білім ұясында асхана жоқ. 26 мектептің тозығы жеткен. Былтыр 12 мектептегі 140-тан астам педагог біліктілігін арттырмаған. 38 мектеп пен 93 балабақшада жалпыға міндетті білім стандарты орындалмаған.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Мектептердің жаңа замануи жабдықтармен жабдықталу мәселесін де шешімін табуды қажет ететін мектептеріміз бар. Соны түбегейлі шешуіміз керек. Төртінші мәселе жаңа мектептердің қатарын көбейтумен қатар ескі мектептерді күрделі жөндеуде де атқараын жұмыстар көп.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу