Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен екі турист әлі табылған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен екі турист әлі табылған жоқ

07.06.2021

Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен екі турист әлі табылған жоқ. Іздеу шаралары жалғасып жатыр. Ал Біркөлік тау шатқалында тұрып қалған үш турист кеше аман-есен құтқарылды.

 Сарыағаш ауданынан келген сяхаттаушылар Біркөлік шатқалы бағытындағы тауларды аралап, сарқырамаға дейін барған. Алайда қайтар жолда адасып кетіп, таудан түсе алмаған. Оның үстіне үш адамның біреуі ауырып қалып, жүрісі қиындаған. Ақыры құтқарушыларды көмекке шақырған. «Қазавиақұтқару» тікұшағы мен Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының мамандары үш адамды құтқарып, Шымкент қаласының әуежайына апарып салды.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Таудың шатқалдарының өте тік болуы, екіншіден өте қатты желдің басталуы сонымен қатар демалушылардың тұрып қалған жері өте қиын.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу