Театр әртістері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театр әртістері марапатталды

10.11.2015
Театр әртістері марапатталды
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы тиісті министрлік тарапынан марапатқа ие болды.

Бүгін Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына атсалысқан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы тиісті министрлік тарапынан марапатқа ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының 7-8 күндері Таразда өткен торқалы тойда театр әртістері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» тарихи драмасын талғампаз көрермендердің назарына ұсынған.

Жұрттың жүрек қылын шерте білген 500-ден астам актердің шеберлігі айрықша тәнті еткен.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу