«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі Дәурен Омаров «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі Дәурен Омаров «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды

30.12.2014
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі Дәурен Омаров «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды

Бүгін Астанада ҚР Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары белгілі болды. 

«Журналистика» аталымы бойынша сыйлық «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Қытай Халық Республикасындағы меншікті тілшісі Дәурен Омаровқа және тележүргізуші Рахат Жақсыбайға тапсырылды.
«Театр және кино» аталымында театр және кино әртістері Әділ Ахметов, Медғат Өмірәлиев марапатталды. 

«Әдебиет» аталымы бойынша ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған «ТӘЖ» әдеби-интеллектуалды клубының жетекшісі Ерлан Жүнісов лауреат атанса, «Эстрада» аталымында «Дарын» сыйлығына «Жігіттер» тобы, әнші-композитор Ескендір Ибрагим, Қазақ Ұлттық өнер университетінің 1 курс студенті Дінмұхаммед Құдайберген лайық деп танылды.

«Классикалық музыка» аталымы бойынша «Даллас Опера Оркестр» концертмейстері Ордабек Дүйсен, виолончелші Ермек Құрманаев марапатталды. «Халық шығармашылығы» аталымында  дирижер Арман Жүдебаев, домбырашы Ақбота Ерболатқызы үздік деп аталды.

«Дизайн және бейнелеу өнері» аталымы бойынша сыйлық дизайнер Дариға Тайшиковаға, «Ғылым» аталымында республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері Қайсар Табынов пен PhD докторы Айнұр Темірхановаға тапсырылды.

«Қоғамдық қызмет» аталымында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің қызметкері Думан Әбілтайұлына, осы салада жемісті қызмет атқарып жүрген  Мария Глушковская марапатталды.

«Спорт» аталымы бойынша бокстан ҚР Ұлттық құрама командасының капитаны Данияр Елеусінов лауреат атанды.

 

 

Хабарламаларға жазылу