Аскер Пириев: Әкелер институтын дамыту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аскер Пириев: Әкелер институтын дамыту қажет

17.06.2023

Әке мен бала арасындағы байланыс бәсеңдеп бара жатыр. «Сен қалаған әке» кітабының авторы Баян Бекетайдың пайымы осы. Ол әкенің отбасындағы рөлін қоғам болып қайта жаңғырту қажет, дейді. Қаламгер әкенің қадірін арттыратын жолды атады.

Баян Бекетай, «Сен қалаған әке» кітабының авторы:

Үш жолды ұсынамын осы жағдайда. Бірінші, әкенің кім екенін тану, екінші әкені қабылдау, қандай болса да әкені қабылдауға үндеймін. Үшінші әкемен қалай қарым-қатынас құру керек жолын ұсынамын. Міне осының арқасында әкенің қадірі артады деп ойлаймын.

Көпбалалы әке, Астанадағы түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Аскер Пириев әкелер институтын дамыту қажет деп санайды. Себебі, халқымыз айтқандай, «бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»,- дейді.

Аскер Пириев, Астана қалалық түрік этно-мәдени орталығының төрағасы:

Жалғызбасты аналар деп айтамыз ғой, бірақ жалғызбасты әкелер саны қанша білесіз бе, қанша екенін? Олар мұңын айтпайды ешқашан. Мысалы ұстаздың орны бір бөлек. Дәрігердің орны бір бөлек. Қауіпсіздік қызметінің орны бір бөлек. Бірақ олардың еш біреуі де әкенің беретін тәрбиесін, әкенің беретін қамқорын, әкенің беретін махаббаты мен мейірімін бере алмайды.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу