Шығыстағы Риддер орман шаруашылығының материалдық базасын дереу жаңарту керек. 300 мың гектардан астам аумақты 140 орманшы ғана күтіп-баптап қадағалайды. Техника да жетіспейді. Қолданыстағы көліктердің көбі ескі. Мерзімі баяғыда өтіп кетсе де, құжат бойынша әлі қолданыста жүр. Ереже бойынша кем дегенде 9 ауыр техника болу керек. Қазір әр көлік түрінен екі-үшеуі ғана жүріп тұр.
Нұрлан Қапасов, Риддер орман шаруашылығының маманы:
Қазір бізге үш машина жетпейді. Екі тракторымыз ескі. 1979-1986 жылғы тракторлар бар. Оған қарамастан жұмысымызды атқарып, орман шауашылығын жүргізіп жатырмыз.
Олжас Керейхан