Абай облысындағы түлектер мектеп бітіру емтиханын Семейде тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы түлектер мектеп бітіру емтиханын Семейде тапсырады

12.06.2023

Абай облысында эвакуацияланған түлектер мектеп бітіру емтиханын облыс орталығы Семейде тапсырады.

Жалпы өрт аймағына жақын орналасқан елдімекендерден 64 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Олар қазір отбасымен бірге Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған. Министрдің сөзінше, балалар білім сынағын кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалады. Сонымен қатар, еліміздің бас ұстазы апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасының балалары жаңа оқу жылында мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатынын жеткізді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу