Абай еліндегі қасірет – Алаштың қайғысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай еліндегі қасірет – Алаштың қайғысы

12.06.2023

Семей орманындағы алапат өрт кезінде ажал құшқандардың қазасы өзекті өртейді. Қайғы жамылған отбасыларға қазақ халқы көңіл айтып жатыр.

 Ханбибі Есенқарақызы, ақын:

Жұбан айтпақшы, «қазақ халқы мың өліп, мың тірілген». Отан үшін шейіт болғандардың иманына саламат айтамын. Отбасына сабыр тілеймін. Елімізде мұндай қаралы жағдай болып, Туымыз төмен түспесе екен. Ақын ретінде де, ана ретінде де қайғымда шек жоқ.

Ақұштап Бақтыгереева, ақын:

Семейлік қаламгер балаларымның жазған постын оқып, мен де түн ұйқымды төрт бөлудемін. Өйткені бала жылады, ана жылады. Арманы өлді әр үйдің. Азаматтар отқа жанды тірідей. Қазақ халқына көңіл айтамын. Бұл - ұлттың көз жасы. Енді қайырын тілеуден басқа амалым жоқ. 


Хабарламаларға жазылу