Семей - Алаштың жүрегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей - Алаштың жүрегі

28.05.2017

Семей десе Абай, Абай десе Алаш көсемдерінің аты аталатыны ақиқат. Оған Ахмет Байтұрсынұлының Абайды қазақтың бас ақыны деп атауының өзі жеткілікті.

Семей - Алаштың жүрегі. Қалада ғасырдан асатын тарихы бар ғимараттар көп. Солардың бірі  - Алаш арыстары оқыған семинария. Қазіргі педогогикалық колледж. Заманға сай жөнделген. Сырланған, жаңартылған. Қазір мұнда оқып жүрген жастар Алаш көсемдері басқан баспалдақты басып, арыстар отырған аудиторияларда білім нәрімен сусындап жүр.

Семей архивінде Алашқа қатысты құнды құжат көп. Алаш автономиясының әскери полкін құруға қатысты деректен тартып, Алаш үкіметі мүшелерінің өмірбаяны мен қызметтеріне қатысты дәйектер түпнұсқасында сақталған. Ең бастысы, сол құжаттарды құнттап, зерттеп-зерделейтін жастар бар.

Азат ел болсақ та, Алаш арыстарының арман-мұраттары асқақтаған Семейде торқалы тойдың дүбірі түгілі, күбірі де сезілмейді. Бәрінің айтатыны, «балапанды күзде санау керектің кері». Біз көзбен көріп, құлақпен естігенімізді жеткіздік. Қала билігінен қайран болса, мына Ленин көшесін кешегі игі жақсылардың бірінің атымен атауы қажет еді ғой. Әлде бұл қазаққа Алаштың арман -мүддесінен гөрі, Қазан төңкерісінің 100 жылдығы қымбат па?! Ол жағын жергілікті биліктің өз санасына қалдырдық.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу