Мамандар түтін астында қалған талдықорғандықтарға бетперде тағуға кеңес берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар түтін астында қалған талдықорғандықтарға бетперде тағуға кеңес берді

12.06.2023

Абай облысындағы алапат өрттің түтіні Жетісу облысының аумағына жетті. Дәл қазір Талдықорған қаласы көк түтінге оранып тұр. Сондай-ақ Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарының елді-мекендері де қою түтін астында. Мамандар тұрғындарды сабырлық сақтауға және бетперде тағуға шақыруда. Дәрігерлер тыныс алу жолдары ауыратын науқастар мен қарт адамдарға мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береді. Қазір бұл өңірде жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғып тұр. Сондай-ақ Жетісу облысының таулы аймақтарында өрт қаупі сақталуда.

Гүлжан Боталбаева, дәрігер-анестезиолог:

Жүкті әйелдерге, кішкентай балаларға, үлкен кісілерге, жүрек ауруы, тыныс ауруралармен үйде отырған дұрыс болады. Ал егер далаға шығатын болса, ылғалды бетперде киген дұрыс болады.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу