Еуропалық Одақта халық саны азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақта халық саны азайды

23.11.2023

Еуропалық Одақта халық саны азайды. Демографиялық өсім жоқ, есесіне өлім-жітім көп. Еуропа статистика агенттігінің мәліметінше, пандемия кезінде, Одаққа мүше 27 елде 872 мың адам көз жұмған. Яғни ковид күшейген 1 жарым жыл ішінде ЕуроОдақта халық саны 265 мың 257 адамға қысқарған. Австрияда дәрігерлер тұрғындарға қайтадан бетперде тағуға кеңес береді. Себебі, елде коронавирусты жұқтырғандардың саны көбейіп келеді. Халықтың осал топтарын індеттен қорғау үшін жақын күндері үкімет шектеу шараларын күшейтуі мүмкін, дейді сарапшылар.

Нұрсұлу Қасым


еуроодақ

Хабарламаларға жазылу