XVII Еуразиялық медиа форум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XVII Еуразиялық медиа форум өтіп жатыр

16.09.2021

Бүгін елордада Еуразиялық медиа форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Форумға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғысөз жолдап, құттықтады. Оны мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жеткізді. Сондай-ақ, Еуразия медиа форумын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбева да сөз сөйлеп, форум жұмысына табыс тіледі.

Айта өтейік, форум жұмысы кеше басталған. Бүгін 25 елден келген делегаттар 6 сессия жұмысына қатысады. Олардың арасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сессия да бар. Бұл отырысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ашты. Ол Елбасының 30 жылда атқарған кең-ауқымды жұмыстарына тоқталып, ел ұстанған ашық саясатты сөз етті. Ал, шараға онлайн қосылған Ресей Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың еститін үкімет саясатына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар түске дейін пандемия мен оның жаһандық экономикаға әсері де талқыланды. Бұл отырысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастап, бірқатар елдердің саясаттанушылары ойларын ортаға салды. Форум жұмысы ертең де жалғасады. 

Хабарламаларға жазылу