Алматыда жеңіл көлік иесіне 2 млн теңге айыппұл салынды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Ресейде тіркелген көлікті тізгіндеген жүргізуші 92 рет жол ережесін бұзған. Сондай-ақ жуырда ғана шетелдік нөмір таққан тағы екі көлік анықталып, иелері 800 мың теңге айыппұл төлеген. Жалпы шаһарада жыл басынан бері 3500 жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелген.
Нұрсұлтан Тілектес