«Теңізшевройл» компаниясына 2 млрд 800 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теңізшевройл» компаниясына 2 млрд 800 млн теңге айыппұл салынды

16.08.2023

Табиғатты ластағаны үшін «Теңізшевройл» мұнай компаниясына 2 млрд 800 млн теңге айыппұл салынды. Облыстың мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы мұнай компаниясының қоршаған ортаға келтірген залалын дәлелдеді. Сонымен қатар, «Теңізшевройл» рұқсат етілген нормативтерден асып кеткен, айналасындағы жерді бүлдірген. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында өңірдегі кәсіпорындарға 19 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 68 әкімшілік іс қозғалды. 7 млрд теңгенің үстінде айыппұл салынды.


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу